$ 462.87  540.72  6.16

«Ауылда жатсақ төбелесейік дейді»: Жәнібек Әлімханұлы Адаместі мазақ етті

Қазіргі таңда елінде жүрген Жәнібек қарсыласының сөзін әзілмен қабылдады.

Фото: sports.kz
Фото: sports.kz

WBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы WBC белбеуінің иегері Карлос Адаместің «Қазақ стилімен» жұдырықтасуға қатысты мәлімдемесіне жауап берді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Доминикандық боксшы жақында берген сұхбатында олардың арасындағы жағдайдың жеке сипат алғанын айтып, бұл жекпе-жектің міндетті түрде өтуін қалайтынын жеткізген.

Қазіргі таңда елінде жүрген Жәнібек қарсыласының сөзін әзілмен қабылдады. Ол бұған дейін Адаместен біріктіруші жекпе-жекке келісім ала алмағанын еске салды.

"Анау Карлос Адамес деген қоймайды екен, иә. Біз Америкаға барсақ төбелесуден қашады, ауылда жатсақ төбелесейік дейді. Өзі бір түсініксіз бала екен. Күңкілі бітпейді әйтеуір. Бірақ өмір осындайлармен де қызық. Анда-санда бір сөйлеп күлдіріп көңілді көтеріп қояды!
Жарайсың Адамес!”, – деп жазды Жәнібек Әлімханұлы.

Айта кетейік, Жәнібек Әлімханұлы допинг сынамасынан мельдоний табылғанына байланысты бір жылдық дисквалификация өтеп жатыр. Жуырда боксшының командасы жазаны қысқарту немесе толықтай алып тастау үшін апелляция бергені белгілі болды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0