62 келіге дейін салмақта сынға түскен Батыр Теңізбай да қарсыласын қапы қалдырып, қола медаль алды.
Қазақстандық спортшы Нұржан Батырбеков Қытайдың Санья қаласында өтіп жатқан 2026 жылғы жағажайдағы Азия ойындарында джиу-джитсудан 69 келіге дейінгі салмақта алтын медаль жеңіп алды. Ақтық сайыста Батырбеков оңтүстіккореялық Ли Джэёнді 2:0 есебімен жеңді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Тағы бір қазақстандық спортшы Әлинұр Қуатұлы сол додада 69 келіге дейінгі салмақта қола медаль иеленді. Қола жүлде үшін өткен кездесуде ол Сингапур өкілі Ноа Тянь Рун Лимді 50:0 есебімен басым түсті.
Сонымен қатар Болатбек Сейілхан 77 келіге дейінгі салмақта қола медаль алды. Қола үшін өткен жекпе-жекте ол сингапурлық Пол Тянь Чжи Лимді 2:0 есебімен жеңді.
62 келіге дейін салмақта сынға түскен Батыр Теңізбай да қарсыласын қапы қалдырып, қола медаль алды. Осылайша, Қазақстан джиу-джитсудан жағажайдағы Азия ойындарында 4 медаль еншіледі.