Қазіргі таңда жазба 6,2 миллион лайк, 29,9 мың пікір, 44,6 мың репост және ондаған мың сақтауға ие болған.
Әлемге танымал футболшы Криштиану Роналду әлеуметтік желідегі жаңа жазбасымен жанкүйерлерін тәнті етті. Ол анасымен бірге түскен суретін жариялап, жүрекжарды лебізін білдірді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
«Жанымнан үнемі табылатындар үшін. Аналар күні құтты болсын», – деп жазды спортшы.
Жарияланған пост қысқа уақыт ішінде үлкен қызығушылық тудырды. Қазіргі таңда жазба 6,2 миллион лайк, 29,9 мың пікір, 44,6 мың репост және ондаған мың сақтауға ие болған. Бұл Роналдудың аудиториясы қаншалықты белсенді екенін тағы бір дәлелдеді.
Желі қолданушылары пікірлерде футболшының анасына деген құрметіне тәнті болып, жылы лебіздерін жаудырған. Кейбірі оны «нағыз отбасы құндылықтарын бағалайтын жан» деп атап өтсе, енді бірі ананың рөлі туралы әсерлі пікірлер қалдырған.
Айта кетейік, Роналду әлеуметтік желілердегі ең танымал тұлғалардың бірі саналады және оның әрбір жазбасы миллиондаған қаралым жинап отырады.