$ 470.8  545.99  6.6

17 жастағы футболшы Дастан Сәтпаев оқу грантына ие болды

Грантты Дастан Сатпаевқа Қазақстан спорт және туризм академиясының президенті Қайрат Закирянов тапсырды.

Фото: Туризм және спорт академиясы
Фото: Туризм және спорт академиясы

17 жастағы қазақстандық футболшы Дастан Сатпаев Қазақстандағы жоғарғы оқу орындарының бірінде оқу үшін арнайы академиялық грантқа ие болды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Грантты Дастан Сатпаевқа Қазақстан спорт және туризм академиясының президенті Қайрат Закирянов тапсырды. Ол білім мен спортты үйлестірудің маңыздылығын атап өтті.

Сатпаевтың футболдағы мақсаттылығы халықаралық деңгейде де бағаланып, бұған дейін танымал ағылшын «Челси» клубының назарын аударған болатын. Жас спортшының шетелдік клубтан шақырту алу фактісі қазақстандық футбол үшін маңызды оқиға болып саналады.

Әзірге, Дастан Сатпаевтың Лондонға кетуін ескере отырып, ол грантты қалай пайдалана алатыны туралы ақпарат берілмеді.

Бұған дейін «Қайрат» және Қазақстан жастар құрамасының бұрынғы ойыншысы Айдар Арғымбаев Дастан Сатпаевты Қазақстан футболының тарихындағы ең үздік жас шабуылшы деп бағалаған болатын. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0