Мұндай шешім ұйымның Атқарушы комитетінің отырысында қабылданды.
Біріккен күрес әлемі (UWW) 2026 жылғы әлем чемпионатын қабылдайтын қала ретінде Астананы ресми түрде бекітті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Мұндай шешім ұйымның Атқарушы комитетінің отырысында қабылданды. Жиын барысында халықаралық сапарларға әсер етіп отырған қазіргі геосаяси жағдай мен өзге де қиындықтар қарастырылды.
Бастапқыда әлем чемпионатын былтыр ұйымдастыру құқығына ие болған Манама қаласы (Бахрейн) қабылдауы тиіс еді. Алайда UWW мен Бахрейн күрес федерациясы бірлескен мәлімдеме жасап, жарыстың басқа елге ауыстырылғанын хабарлады.
Инспекциялық сапарлар өткізіліп, спорт нысандарының дайындығы бағаланғаннан кейін 2026 жылғы әлем чемпионатын өткізу құқығы Қазақстанға берілді. Дүбірлі дода Астанадағы "Барыс Аренада" өтеді. Айта кетейік, Қазақстан астанасында бұған дейін 2019 жылы да әлем чемпионаты өткен еді.
Турнирдің нақты кестесі мен жарысты өткізуге қатысты өзге де мәліметтер кейінірек жарияланады.