$ 489.33  566.3  6.74

«Қобалжу жоқ»: Дастан Сәтпаев «Челсиге» ауысар алдындағы жоспарын айтты

Сондай-ақ жас шабуылшы «Челси» клубындағы қаралым мен Хаби Алонсомен қайта кездесуге қатысты пікір білдірді.

Фото: sportbugin.kz
Фото: sportbugin.kz

17 жастағы қазақстандық футболшы Дастан Сәтпаев алматылық «Қайрат» сапындағы әзірге соңғы ойыны қашан өтетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы 1bol.kz-ке сілтеме жасап. 

Клубтың үй матчтарының ресми жүргізушісі Артур Асқарұлымен болған блиц-сұхбатта Сәтпаев өзінің «Қайрат» жейдесіндегі соңғы кездесуі маусым айындағы үй ойындарының бірінде өтетінін айтты.

«Қазіргі жоспар бойынша соңғы матчым 17 немесе 21 маусым күні болады. Бұл – өз алаңымыздағы ойын», – деді Сәтбаев.

Сондай-ақ жас шабуылшы «Челси» клубындағы қаралым мен Хаби Алонсомен қайта кездесуге қатысты пікір білдірді.

«Жалпы, қобалжу жоқ. Ең бастысы — өз қалауың мен жігеріңді көрсету. Сол жігердің арқасында ол жақта орнығып қаламын деп ойлаймын», – деді қазақстандық талант.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0