Азаттың соңғы жекпе-жегі 7 ақпанда Ташкентте өткен
http://Sn.kz"Қазақ" лақап атымен танымал файтер Азат Мақсұм және оның отандасы Жасұлан Әкімжан ресейлік ACA промоушенімен келісімшарт жасасты. Олар 17 шілдеде Алматыда өтетін турнирде өнер көрсетуі мүмкін, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Sportarena.kz мәліметінше, 31 жастағы қазақстандық спортшы қатарынан үш жеңілістен кейін UFC ұйымынан шығарылып, еркін агент мәртебесіне өткен.
Азаттың соңғы жекпе-жегі 7 ақпанда Ташкентте өткен. Ол өзбекстандық Mangu MMA промоушенінің турнирінде Рамазан Теміровпен кездескен.