$ 489.31  568.33  6.63

«Қуанта алсам ризамын!»: Шайдоров спорт мектебінің оқушыларына сыйлық жасады (ФОТО)

Спортшы мектепте мәнерлеп сырғанаумен айналысып жүрген балалармен кездесіп, оларға спорттық құрал-жабдықтар алуға арналған сертификат табыстаған.

Фото: mikhail_shaidorov/instagram
Фото: mikhail_shaidorov/instagram

Мәнерлеп сырғанаудан Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров Балаларды қорғау күніне орай Алматыдағы №3 кешенді балалар-жасөспірімдер спорт мектебіне арнайы барып, жас спортшыларға сыйлық жасады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Спортшы мектепте мәнерлеп сырғанаумен айналысып жүрген балалармен кездесіп, оларға спорттық құрал-жабдықтар алуға арналған сертификат табыстаған.

«Бүгін Алматы қаласындағы №3 кешенді балалар-жасөспірімдер спорт мектебіне барып, балалармен жүздестім. Балаларды қорғау күніне орай шағын сыйлық жасап, спорт құралдарын алуға сертификат сыйладым. Балалардың қуанышын көру мен үшін үлкен бақыт. Алдағы уақытта да осы спорт түріндегі жасөспірімдерді қолдау үшін бар күшімді саламын», – деп жазды Михаил Шайдоров әлеуметтік желідегі парақшасында.

Желі қолданушылары чемпионның бұл әрекетіне риза болды. 

"Қандай керемет! Жарайсың", "Рахмет саған, чемпион", "Өте керемет іс, Мишажан", "Сіз нағыз патриотсыз", - деп жазды оқырмандар. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0