$ 449.58  486.94  4.86

Футболдан ұлттық құраманың кеңейтілген құрамы жарияланды

Қазақстан ұлттық құрамасының бапкерлер алқасы «Еуро-2016» іріктеу додасының алғашқы ойынына дайындалатын бас командамыздың кеңейтілген тізімін жария етті, деп хабарлайды Skifnews.kz.

Қазақстан футбол Федерациясының баспасөз қызметі мәлімдегендей, Юрий Красножанның кеңейтілген құрамына 34 футболшы ілікті. Енді олар Қырғызстан құрамасымен болатын («Астана-Арена» стадионы, 5 қыркүйек, сағат 19:00) жолдастық кездесуге және «Еуро-2016» іріктеу додасы аясындағы Латвиямен өтетін (Астана-Арена» стадионы, 9 қыркүйек, сағат 22:00) ойынға дайындалатын болады. Оқу-жаттығу жиыны тамыздың 30-ы мен қыркүйектің 10-ы аралығында Астанада өтеді.

Қақпашылар: Мокин Александр («Шахтер»), Логиновский Владимир («Астана»), Павлов Станислав («Ақтөбе»), Сидельников Андрей («Ақтөбе»), Покатилов Стас («Шахтер»).

Қорғаушылар: Абдулин Ренат («Атырау»), Ахметов Елдос («Астана»), Воротников Илья («Тараз»), Бейсебеков Абзал («Астана»), Гурман Марк («Қайрат»), Дмитренко Виктор («Астана»), Малый Сергей («Шахтер»), Мирошниченко Дмитрий («Ақтөбе»), Мулдаров Алексей («Ақтөбе»), Нұрғалиев Азат («Ордабасы»), Суюмбаев Гафуржан («Ордабасы»), Логвиненко Юрий («Ақтөбе»).

Жартылай қорғаушылар: Богданов Анатолий («Тобыл»), Исламхан Бауржан («Кайрат»), Қонысбаев Ұлан («Шахтер»), Коробкин Валерий («Ақтөбе»), Коструб Евгений («Атырау»), Қуантаев Ермек («Кайрат»), Шомко Дмитрий («Астана»), Хайруллин Марат («Ақтөбе»), Байжанов Мақсат («Шахтер»).

Шабуылшылар: БайтанаБауыржан («Қайрат»), Дарабаев Аслан («Қайрат»), Жолшиев Бауыржан («Астана»), Нөсербаев Таңат («Астана»), Щеткин Алексей («Тараз»), Лунин Станислав («Қайрат»), Жаңғылышбай Тоқтар («Шахтер»), Хижниченко Сергей («Корона»).

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары