$ 488.37  559.77  6.64

Назым Қызайбай Қытайдағы Әлем кубогында алтын медаль жеңіп алды

Айта кетейік, Назым Қызайбай – бокстан үш дүркін әлем чемпионы.

Фото: ҰОК
Фото: ҰОК

Қазақстандық боксшы Назым Қызайбай Қытайдың Гуйань қаласында өткен World Boxing аясындағы Әлем кубогында алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өткен финалда қазақстандық былғары қолғап шебері Италия өкілі Сирин Шаарабимен кездесіп, төрешілердің шешімімен 4:1 есебімен жеңіске жетті.

Осылайша, Назым Қызайбай турнирдің алтын жүлдесін иеленсе, Сирин Шаараби күміс медальді қанағат тұтты.

Айта кетейік, Назым Қызайбай – бокстан үш дүркін әлем чемпионы. Ол бұған дейін 2014, 2016 және 2025 жылдары әлем чемпионаттарында топ жарған болатын. Ал италиялық Сирин Шаарабидің үздік нәтижелері қатарында 2023 жылғы әлем чемпионатының күміс және 2025 жылғы қола жүлделері бар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0