02.07.2026, 18:20

Өзбектің танымал боксшысы өзінің басты қарсыласы деп Айбек Оралбайды атады

Фото: ҰОК

Кәсіпқой мен әуесқой боткстың айырмашылығы өте көп.

Аса ауыр салмақта өнер көрсететін өзбекстандық Жаһонгир Зокиров алдағы Азия ойындарына дайындалып жатыр. Кәсіпқой бокста біраз бағын сынаған спортшы әуесқойға оралып, өзінің басты қарсыластарын атады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Танымал боксшы Өзбекстан бокс федерациясының баспасөз қызметіне сұхбат берген.Онда ол құрлық додасына дайындығы туралы және қарсыластары жайында сөз қозғаған.

«Кәсіпқой мен әуесқой боткстың айырмашылығы өте көп. Бірақ, Азия ойындары басталғанға дейін мен қалыпқа келіп үлгеремін. Ол жақтағы басты қарсыластарым деп Айбек Оралбайды, Давид Чалоянды, Дамар Томасты және бразилиялық Жоэль Рамосты айтар едім», - деді сұхбат барысында Зокиров.

Айта кету керек, Айбек пен Жаһонгир осыған дейін үш рет өзара кездесіп үлгерген. Оның екеуінде қазақ боксшысы жеңіске жетсе, бірінде Зокировтың мерейі үстем болған.