03.07.2026, 17:20

«Үш салмақта әлем чемпионы болу үшін тер төгіп жатырмын» - Жәнібек Әлімханұлы (ВИДЕО)

Фото: видеодан скриншот

Боксшы Instagram парақшасында жариялаған жазбасында спорттық бабын сақтау үшін қызу дайындалып жатқанын жеткізді.

Орта салмақтағы WBO чемпионы Жәнібек Әлімханұлы әлеуметтік желіде жаттығуын жалғастырып жатқанын айтып, алдағы мақсаттарымен бөлісті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Боксшы Instagram парақшасында жариялаған жазбасында спорттық бабын сақтау үшін қызу дайындалып жатқанын жеткізді. Сондай-ақ ол алдағы уақытта үш салмақта әлем чемпионы атануды көздейтінін мәлімдеді.

«Жаттығу қызу жүріп жатыр! Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үлкен қолдау көрсетіп, ел сенім артып тұрған шақта біздің жеңіске деген құштарлығымыз еселене түседі. Бір емес, үш салмақта әлем чемпионы болу жолында аянбай тер төгіп жатырмыз. Көк ту әрқашан биікте желбіресін!» – деп жазды Жәнібек Әлімханұлы.

Айта кетейік, бұған дейін боксшының есімі допингке қатысты даумен байланыстырылып, уақытша спорттан шеттетілгені туралы ақпарат тараған болатын. Соған қарамастан, Әлімханұлы жаттығуын тоқтатпай, үлкен спортқа қайта оралуға дайындалып жатқанын көрсетті.