Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина 2026 жылдың қорытындысы бойынша әлемдегі ең көп табыс тапқан теннисшілердің ТОП-10 рейтингіне кірді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Sportico басылымы жасаған рейтингке сәйкес, қазақстандық теннисші 2026 жылы 16,3 миллион АҚШ доллары көлемінде табыс тапқан. Оның 11,3 миллион доллары турнирлердегі жүлде қорынан, ал 5 миллион доллары демеушілік келісімшарттардан түскен.
Рейтингтің көшін 62,9 миллион доллармен Карлос Алькарас бастады. Екінші орында 59 миллион доллармен Янник Синнер, ал үшінші сатыда 40,3 миллион доллармен Коко Гауфф тұр.
2026 жылғы ең көп табыс тапқан теннисшілердің алғашқы ондығы:
Карлос Алькарас (Испания) – 62,9 миллион доллар (29,47 миллиард теңге); Янник Синнер (Италия) – 59 миллион доллар (27,64 миллиард теңге); Коко Гауфф (АҚШ) – 40,3 миллион доллар (18,88 миллиард теңге); Серена Уильямс (АҚШ) – 40 миллион доллар (18,74 миллиард теңге); Арина Соболенко (Беларусь) – 35,9 миллион доллар (16,82 миллиард теңге); Новак Джокович (Сербия) – 25,6 миллион доллар (11,99 миллиард теңге); Чжэн Циньвэнь (Қытай) – 24,6 миллион доллар (11,52 миллиард теңге); Ига Швёнтек (Польша) – 22,8 миллион доллар (10,68 миллиард теңге); Александр Зверев (Германия) – 16,7 миллион доллар (7,82 миллиард теңге); Елена Рыбакина (Қазақстан) – 16,3 миллион доллар (7,64 миллиард теңге).