09.07.2026, 13:00

Шавкатпен жекпе-жек өте ме? Макгрегор нақты жауап берді

Коллаж: sn.kz

Айта кетейік, 12 шілде күні Қазақстан уақытымен таңертең Конор Макгрегор бес жылдық үзілістен кейін UFC 329 турнирінде октагонға қайта оралады.

Ирландиялық UFC жұлдызы Конор Макгрегор UFC 329 турнирі алдындағы баспасөз мәслихатында қазақстандық файтер Шавкат Рахмоновпен болуы мүмкін жекпе-жек туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. Журналистердің бірі Макгрегордан: «Конор, сен үздік файтерлермен жұдырықтасуға дайын екеніңді айтқан едің. Шавкат Рахмонов сенің жерлесің Иэн Гэрриді жеңді. Егер бәрі жоспар бойынша болса, болашақта осы жекпе-жек өтуі мүмкін деп ойлайсың ба? Жалпы оны файтер ретінде қалай бағалайсың?», – деп сұрады. Бұған Конор Макгрегор:

«Мен оның ауыр жарақат алғанын білемін. Алдымен оған ұзақ уақыт қалыпқа келу керек. Қазір ол маған не ұсына алады? Мен мұндай жекпе-жекті ойлануым үшін ол әуелі чемпиондық белбеуді жеңіп алуы тиіс. Әзірге ол оған жақын да емес», – деп жауап берді.

Айта кетейік, 12 шілде күні Қазақстан уақытымен таңертең Конор Макгрегор бес жылдық үзілістен кейін UFC 329 турнирінде октагонға қайта оралады. Ол жартылай орта салмақта америкалық Макс Холлоуэймен кездеседі. Ал Шавкат Рахмонов дәл осы дивизионда өнер көрсетеді. Қазір қазақстандық спортшы тізе жарақатының қайта асқынуынан кейін оңалту кезеңінен өтіп жатыр.