10.07.2026, 11:00

Қазақ футболшысы «Челсиде»: Дастан Сәтбаев Хаби Алонсоның көзіне түсті

Коллаж: sn.kz

Қазақстандық жанкүйерлер Дастан Сәтбаевтың лондондық клубтағы алғашқы қадамдарын ерекше қызығушылықпен бақылап отыр.

Қазақстандық жас шабуылшы Дастан Сәтбаев Лондонның «Челси» клубында жаңа бас бапкер Хаби Алонсоның жетекшілігімен алғашқы жаттығуына қатысты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.  Клубтың баспасөз қызметі жариялаған суреттердің бірінде 17 жастағы қазақстандық футболшы да көрінді. Осылайша Сәтбаев маусым алдындағы дайындық жұмыстарына ресми түрде қосылды. Жас ойыншы «Челсидің» Кобхэмдегі базасына 1 шілде күні ерте маусымалды жиынға қатысу үшін келген болатын. Енді ол Англияның алпауыт клубында өзін көрсетуге мүмкіндік алып отыр. Айта кетейік, Хаби Алонсо жақында ғана «Челсидің» бас бапкері қызметіне кірісіп, командамен алғашқы жаттығуын өткізді. Қазақстандық жанкүйерлер Дастан Сәтбаевтың лондондық клубтағы алғашқы қадамдарын ерекше қызығушылықпен бақылап отыр.