27.07.2026, 15:00

Кейн, Ямаль, Родри. «Алтын доптың» басты фавориттері белгілі болды

Фото: depositphotos.com

Тізімнің көшін 40 пайыздық ықтималдықпен Германияның «Бавариясы» мен Англия құрамасының шабуылшысы Харри Кейн бастап тұр.

2026 жылғы әлем чемпионаты аяқталғаннан кейін букмекерлер «Алтын доп» жүлдесін жеңіп алуы мүмкін басты үміткерлердің жаңартылған рейтингін жариялады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Тізімнің көшін 40 пайыздық ықтималдықпен Германияның «Бавариясы» мен Англия құрамасының шабуылшысы Харри Кейн бастап тұр.

Екінші орынға Испания құрамасымен әлем чемпионы атанған және «Барселона» сапында өнер көрсететін Ламин Ямаль жайғасты. Оның «Алтын допты» иелену мүмкіндігі 33 пайызға бағаланған.

Үздік үштікті Испания құрамасы мен «Манчестер Ситидің» жартылай қорғаушысы Родри түйіндеді. Букмекерлер оның жеңіске жету ықтималдығын 22 пайыз деп есептейді.

2026 жылғы «Алтын доп» сыйлығының басты фавориттері:

Харри Кейн («Бавария», Англия) — 40% Ламин Ямаль («Барселона», Испания) — 33% Родри («Манчестер Сити», Испания) — 22% Килиан Мбаппе («Реал Мадрид», Франция) — 17% Лионель Месси («Интер Майами», Аргентина) — 9%