$ 476.75  541.59  6.06

Қазақстанның семсерлесу құрамасы алғаш рет әлем чемпионы атануы мүмкін

Мысыр құрамасын 41:32 есебімен тізе бүктірді.

Фото: Федерацияның баспасөз қызметі
Фото: Федерацияның баспасөз қызметі

Қазақстанның ерлер құрамасы семсерлесуден өтіп жатқан әлем чемпионатында тарихи жетістікке қол жеткізіп, алғаш рет финалға жолдама алды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Гонконгте ұйымдастырылған дүбірлі додада қазақстандық шпагашылар жартылай финалда Мысыр құрамасын 41:32 есебімен тізе бүктірді.

Осы жеңістің арқасында ұлттық құрама кем дегенде күміс медальға ие болатынын қамтамасыз етті. Бұл – Қазақстан ерлер құрамасының әлем чемпионаттары тарихындағы ең үздік көрсеткіш. Бұған дейінгі рекорд 2025 жылы жеңіп алған қола жүлде болатын.

Алтын медаль үшін өтетін шешуші кездесуде қазақстандықтар Украина мен Израиль құрамалары арасындағы жартылай финалдың жеңімпазымен сынға түседі. Финал Астана уақыты бойынша сағат 15:30-да басталады.

Қазақстан құрамасының сапында командалық жарыста Руслан Курбанов, Вадим Шарлаимов, Ерлік Сертай және Кирилл Проходов өнер көрсетіп жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0