$ 471.98  543.39  5.82

Қазақстан Еуропаны бағындыруға бет алды: Бірден 9 жас талант үздік клубтарда өнер көрсетіп жүр

Фото: коллаж Sn.kz
Фото: коллаж Sn.kz

Қазақстандық тоғыз жас футболшы бүгінде Еуропаның жетекші клубтарының академиялары мен жастар командаларында өз шеберліктерін шыңдап жүр, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Бұл таланттардың көпшілігі үшін мұндай мүмкіндік – баға жетпес тәжірибе жинап қана қоймай, болашақта Еуропа футболының алпауыт клубтарының негізгі құрамына енуге жасалған маңызды қадам.

Соңғы айларда олардың ішінде әсіресе 17 жастағы Дастан Сәтбаев ерекше көзге түсті. Ол Англияның «Челси»клубының негізгі командасы сапында дебют жасап, алғашқы голын да соғып үлгерді.

Қазіргі таңда Еуропада доп теуіп жүрген қазақстандық жас футболшылар:

  • Дастан Сәтбаев (17 жас) – «Челси» (Англия);
  • Алдияр Нұрғали (18 жас) – «Леванте» (Испания);
  • Чингиз Калиев (18 жас) – «Кастельон» (Испания);
  • Чингиз Аликеев (16 жас) – «Бенфика» (Португалия);
  • Карим Мендиканов (15 жас) – «Барселона» (Испания);
  • Салим Хасанов (16 жас) – «Вильярреал» (Испания);
  • Ғадибулла Оразалы (13 жас) – «Валенсия» (Испания);
  • Шахмұрат Дәуренов (17 жас) – «Генк» (Бельгия);
  • Ілияс Әбіл (20 жас) – «Жил Висенте» (Португалия).

Бұл жас ойыншылардың барлығы өз клубтарының жүйесінде дамып, кәсіби футболдағы үлкен мансапқа қадам басып келеді. Олардың жетістігі қазақстандық футболдың болашағына деген сенімді арттырып, елдегі жас спортшыларға үлгі болары сөзсіз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0