$ 467.48  539.52  5.73

«Қайраттың» тағдыры шешілетін матч: Ойынға атақты төреші тағайындалды

Түркістанда өтетін маңызды кездесуді Германиядан келген тәжірибелі арбитр Даниэль Зиберт басқарады.

Фото: УЕФА
Фото: УЕФА

УЕФА Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңіндегі «Қайрат» пен «Левски» арасындағы қарымта матчқа төрешілер бригадасын тағайындады, 

Түркістанда өтетін маңызды кездесуді Германиядан келген тәжірибелі арбитр Даниэль Зиберт басқарады.

Зиберт Еуропадағы тәжірибелі төрешілердің бірі саналады. Ол өткен маусымда ПСЖ мен «Арсенал» арасындағы финалдық кездесуге қазылық етіп, Чемпиондар лигасында жалпы 10 матч өткізген.

Еске салайық, алғашқы кездесуде алматылық клуб Софияда «Левскиге» 0:1 есебімен жол берген еді. Енді «Қайрат» қарымта ойында өз алаңындағы басымдықты пайдаланып, келесі кезеңге шығу үшін күреседі.

Алайда жауапты матч Алматыдағы 23 мың көрерменге арналған Орталық стадионда емес, Түркістандағы 7 мың орындық аренада өтеді. Бұған Алматы стадионында 14 тамызда өтетін Канье Уэсттің концертіне дайындық жұмыстарының басталуы себеп болып отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0