Биылғы турнирдің жүлде қоры 250 мың долларды құрайды
Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева АҚШ-тың Сент-Луис қаласында өтіп жатқан Cairns Cup 2026 супертурниріндегі алғашқы партиясын тең нәтижемен аяқтады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Әлемдік рейтингте бесінші орында тұрған Асаубаева бірінші турда Украина өкілі, FIDE рейтингінде жетінші сатыдағы Анна Музичукпен кездесті. Қара түспен ойнаған қазақстандық шахматшы қарсыласымен тең түсіп, партияны ұпай бөлісумен аяқтады.
Асаубаеваның алдағы турлардағы қарсыластары белгілі:
Айта кетейік, Cairns Cup – әйелдер шахматындағы беделді жарыстардың бірі. Биылғы турнирдің жүлде қоры 250 мың долларды құрайды.