$ 456.88  534.64  5.47

Елена Рыбакина АҚШ ашық чемпионатында миксте өнер көрсетпейтін болды

Қазақстандық теннисші миксте америкалық Тейлор Фрицпен бірге кортқа шығуы керек еді.

Фото: ҚТФ
Фото: ҚТФ

Қазақстанның бірінші, әлемнің 2-ракеткасы Елена Рыбакина АҚШ ашық чемпионатында аралас сында ойнамайтын болды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Қазақстандық теннисші миксте америкалық Тейлор Фрицпен бірге кортқа шығуы керек еді.

Е.Рыбакинаны аралас сында әлемнің 3-ракеткасы, америкалық Джессика Пегула алмастырады.

Микс жарысы Нью-Йоркте жекелей сындағы дода алдында, 24-26 тамызда өтеді.

Елена Рыбакина Цинциннати (АҚШ) WTA 1000 турнирінің төртінші айналымында әлемнің 5-ракеткасы, Польша өкілі Ига Швентекпен ойында сол аяғынан жарақат алып, матчты жалғастыра алмаған еді.

Қазіргі кезде қазақстандық спортшының жарақаты теннисшілер қауымын алаңдатып отыр.

Цинциннатиде Д.Пегула жартылай финалда И.Швентекті 7:5, 4:6, 6:4 есебімен жеңіп, соңғы бәсекеге жолдама алды. Ол финалда әлемнің 4-ракеткасы, отандасы Кори Гауфпен чемпиондық атақты сарапқа салады. К.Гауфф жартылай финалда рейтингіде 35-орындағы чехиялық, 20 жастағы Сара Бейлекті тізе бүктірді – 6:4, 6:1.



 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0