$ 456.88  534.64  5.47

Асу Алмабаев RAF-тегі алғашқы белдесуінде 1 минутта жеңіліп қалды

ДиДжулиус алғашқы кезеңнің 88-секундында 10:0 есебімен жеңді.

Фото: RAF
Фото: RAF

Қазақстандық UFC файтері Асу Алмабаев Real American Freestyle (RAF) лигасындағы алғашқы белдесуін өткізді,  деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Кливлендте өткен RAF 12 еркін күрес турнирінде Алмабаев америкалық Джонни ДиДжулиуспен кездесті. Белдесу қазақстандық спортшы үшін сәтсіз аяқталды.

ДиДжулиус алғашқы кезеңнің 88-секундында 10:0 есебімен басымдыққа жетіп, кездесуді мерзімінен бұрын аяқтады.

Осылайша, Алмабаевтың RAF лигасындағы алғашқы белдесуі жеңіліспен аяқталды. Ал оның қарсыласы мұндағы екінші жеңісіне қол жеткізді. Бұған дейін ДиДжулиус америкалық Конор Бибті жеңген. Сондай-ақ оның еншісінде Пат Луго мен Владимир Хинчегашвилиден екі жеңіліс бар.

Айта кетейік, RAF 12 турнирінің басты белдесуінде Мераб Двалишвили мен Генри Сехудо қарымта кездесуде сынға түседі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0