Айта кетейік, Шавкат Рахмонов UFC октагонына соңғы рет 2024 жылдың желтоқсанында шыққан.
Ұзақ уақыт ем қабылдаған қазақстандық UFC файтері Шавкат Рахмонов жаттығу процесін жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Instagram желісіндегі oraz_coach парақшасында спортшының жаттығу барысынан видео жарияланды. Кадрлардан Рахмоновтың бокстан екі дүркін әлем чемпионы Санжар Тәшкенбаймен бірге жаттығып жатқанын көруге болады. Файтер белгілі бір сәтте боксшыға тұншықтыру әдісін қолданған.
«Чемпиондар», – делінген жарияланымда.
Айта кетейік, Шавкат Рахмонов UFC октагонына соңғы рет 2024 жылдың желтоқсанында шыққан. Ол кезде қазақстандық спортшы Иэн Гэрриді төрешілер шешімімен жеңген еді.
Осы жекпе-жектен кейін Рахмоновтың тізесінде мәселе туындап, соның салдарынан ол ұзақ уақыт бойы спорттан тыс қалды.
Бұған дейін UFC-дің жартылай орта салмақтағы рейтингінде екінші орында тұрған қазақстандық файтердің октагонға 2027 жылдың басында қайта оралуы жоспарланып отыр.