25.08.2026, 22:30

UFC-тің 2026 жылғы соңғы екі турнирінің өтетін орны белгілі болды

Фото: UFC

Жылдың ең маңызды жекпе-жек кештері Нью-Йорк пен Лас-Вегаста ұйымдастырылады.

UFC 2026 жылдың соңына жоспарланған екі нөмірлі турнирдің өтетін қалаларын жариялады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Жылдың ең маңызды жекпе-жек кештері Нью-Йорк пен Лас-Вегаста ұйымдастырылады.

UFC 334 турнирі 15 қарашада Нью-Йорктегі әйгілі «Мэдисон Сквер Гарден» аренасында өтеді. Қараша айында Нью-Йоркте нөмірлі турнир өткізу UFC үшін қалыптасқан дәстүрге айналған. Бұл дәстүр тек 2020 жылы пандемияға байланысты үзілген.

Ал 2026 жылдың соңғы нөмірлі турнирі – UFC 335 13 желтоқсанда Лас-Вегастағы «Ти-Мобайл Аренада» өтеді.

Қазіргі таңда екі турнирдің де толық кардтары әзірге жарияланған жоқ. UFC 334 пен UFC 335 турнирлеріндегі басты жекпе-жектерге кімдер шығатыны кейінірек белгілі болады.