26.08.2026, 14:20

Жас спортшылар Азия чемпионатында екі қола иеленді

Фото: ҰОК

Қазақстан құрамасы жарысты екі қола медальмен аяқтады. 

Қытайдың Гуйян қаласында спорттық құзға өрмелеуден жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Қазақстан құрамасы жарысты екі қола медальмен аяқтады. U19 жас санатындағы қыздар құрамасы «жылдамдық» бағдарламасындағы эстафетада үшінші орын алса, U17 санатындағы ерлер құрамасы да эстафеталық сайыста қола жүлдеге ие болды.

Жекелей сайыстарда қазақстандық спортшылар да бірқатар нәтижеге қол жеткізді. U19 санатындағы «жылдамдық» бағдарламасында Роман Курассов тоғызыншы, Рашид Хайбуллин оныншы орын алды. Қыздар арасында Алина Львова ширек финалға дейін жетіп, сегізінші орынға тұрақтады.

U17 санатындағы «боулдеринг» сайысында Егор Некрещенный 13-орын иеленсе, «жылдамдық» бағдарламасында Давид Кононов 12-орыннан көрінді.

Осылайша, Қазақстанның жасөспірімдер құрамасы Азия чемпионатынан екі қола медальмен оралды.