Саида есімді әйел – оның жалғыз заңды жары.
Танымал боксшы, Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов әлеуметтік желіде күтпеген мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Спортшы өзінің парақшасында жариялаған жазбасында жеке өміріне қатысты сөз қозғап, оқырмандарына үндеу жасаған.
Оның айтуынша, Саида есімді әйел – оның жалғыз заңды жары. Сондай-ақ боксшы жұбайының бірнеше жыл орамал таққанын, кейін оны шешкенін жазды.
«Менің бір ғана Саида есімді заңды әйелім бар. Ол 7-8 жылдай орамалда болды, кейін шешті. Әйелім келді ме, кетті ме – шаруаларың қанша? Өз өмірлеріңді сүріңдер», – деп жазды Данияр Елеусінов.
Жазбаға желі қолданушылары түрлі пікір білдіріп, спортшының бұл мәлімдемесіне қатысты сын айтқан.