$ 462.3  538.07  5.41

«Тек пәк қызға үйленемін»: Қуат Хамитов пікірімен тағы да елді шулатты (ВИДЕО)

37 жастағы спортшы үшін болашақ әйелінің пәк болуы маңызды екенін айтты.

Фото: time.kz
Фото: time.kz

ММА файтері Қуат Хамитов болашақ жарына қоятын талабын айтып, желіде кезекті пікірталасқа себеп болды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

37 жастағы спортшы үшін болашақ әйелінің пәк болуы маңызды екенін айтты. Ол бұл ұстанымын өзі өскен ортадағы тәрбие мен дәстүрге байланысты екенін түсіндірді. Сонымен қатар Хамитов қазіргі бойжеткендердің әлеуметтік желідегі бейнесі мен шынайы өмірдегі мінез-құлқы бір-біріне сәйкес келе бермейтінін сынға алды.

Спортшының сөзі желі қолданушыларының екіге бөлінуіне себеп болды. Бірқатар оқырман оның пікірін қолдаса, енді бірі мұндай талаптың қаншалықты орынды екенін талқылады.

Желіде:

  • «Дұрыс айтады. Пәк қыздың қадірі болады. Бұл – тәрбиеден, отбасынан қалыптасатын құндылық»;
  • «Әр адамның өз талабы бар. Болашақ жарынан не күтетінін айтуға құқығы бар»;
  • «Бұл талапты қыздарға ғана емес, ер адамдарға да бірдей қою керек. Жігіттердің өздері пәк пе?»;
  • «Мұны сынау емес, шындықты мойындау деп қабылдау керек. Әркім өз өміріне жауап береді»;
  • «Адамның өткеніне емес, қазіргі тәрбиесі мен адамгершілігіне қараған дұрыс» деген пікірлер жазылды.

Осылайша, Қуат Хамитовтың болашақ жарына қатысты ұстанымы желіде қызу талқыланып, оқырмандар арасында түрлі пікір қалыптасты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0