$ 464.77  541.36  5.41

Санжар Ташкенбай кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті

Төрешілердің шешімімен жеңіс қазақстандық спортшыға берілді.

Фото: Видеодан скриншот
Фото: Видеодан скриншот

Қазақстандық боксшы Санжар Ташкенбай кәсіпқой рингтегі дебюттік жекпе-жегін жеңіспен аяқтады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Астанада өткен IBA Nomad лигасының International Boxing Day бокс кешінде Ташкенбай филиппиндік Нил Хакамосқа қарсы рингке шықты. Бұл айқас кештің басты жекпе-жегі болды.

Он раундқа жоспарланған кездесуде боксшылар толық қашықтықты өткізді. Төрешілердің шешімімен жеңіс қазақстандық спортшыға берілді.

Жекпе-жек барысында Ташкенбай қарсыласын екі рет нокдаунға түсірді. Ол бесінші және сегізінші раундтарда Хакамосты есеп жүргізуге мәжбүр етті.

Осылайша Санжар Ташкенбай кәсіпқой бокстағы рекордын 1-0 көрсеткішінен бастады. Сонымен қатар ол бірінші жеңіл салмақтағы IBF Asia нұсқасы бойынша бос тұрған чемпиондық белбеуді иеленді.

Ал Нил Хакамос кәсіпқой мансабындағы екінші жеңілісіне ұшырады. Филиппиндік боксшының қоржынында жеті жеңіс бар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0