$ 454.31  528.04  5.25

Елдос Сметов Азия ойындарына дайындығы туралы пікір білдірді (ВИДЕО)

Елдос Сметов осылайша әр белдесуге барынша жауапкершілікпен дайындалатынын жеткізді.

Олимпиада чемпионы Елдос Сметов Азия ойындарына дайындығы және спорттағы мансабын жалғастыру туралы шешімі жөнінде айтты,  деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Ол Ақарыс Сейітқазыға берген сұхбатында алдағы Азия ойындарында әр қарсыласы қиындық тудыруы мүмкін екенін атап өтті.

«Қарсыластарымның барлығынан қауіптенемін. Оларға жоғалтатын ештеңе жоқ, сондықтан барын салып күреседі. Кіммен күрессем де, мен үшін ауыр белдесу болуы мүмкін. «Олимпиада чемпионын ұттым» немесе ең болмағанда «Олимпиада чемпионымен соңына дейін күрестім» деген мотивациялары болады. Кез келген адам қиындық тудыруы мүмкін. Әр қарсыласыма 100% дайындалып шығамын», — дейді ол.

Елдос Сметов осылайша әр белдесуге барынша жауапкершілікпен дайындалатынын жеткізді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0