10.09.2026, 14:20

Михаил Шайдоров олимпиада алтынынан кейін алғаш рет халықаралық мұз айдынына шығады

Фото: ҰОК

Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров Братиславадағы Nepela Memorial турниріндехалықаралық маусымды ашады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Жарыс 24-27 қыркүйек аралығында өтіп, 2026/27 жылғы маусымдағыISU Challenger Series сериясынакіреді.

Шайдоров ерлер арасындағы жекелей сырғанау сайысына қатысуға тіркелді. Алдын ала мәліметтер бойынша, оның санатында 29 мәнерлеп сырғанаушыөнер көрсетеді.

Олимпиададан кейінгі алғашқы халықаралық жарыс

Қазақстандық спортшы үшін Словакиядағы бұл турнир Милан мен Кортина-д’Ампеццода өткен 2026 жылғы қысқы Олимпиадаойындарындағы жеңістен кейінгі алғашқы халықаралық стартболмақ.

Ақпан айында Шайдоров ерлер арасындағы жекелей сырғанауда қысқа және еркін бағдарламалардың қорытындысы бойынша291,58 ұпай жинап, алтын медаль жеңіп алған еді.

Енді олимпиада чемпионы жаңа халықаралық маусымды Братиславада өтетін Challenger Series кезеңінен бастайды.

Бұған дейін фигурист 2030 жылғы қысқы Олимпиада ойындарында өнер көрсетуді жоспарлап отырғанын растаған болатын.

Әлеуметтік желідегі оқырмандарымен сұхбаты барысында спортшыға келесі Олимпиадаға дайыналасыз ба деген сұрақ қойылды.

«Иә, әрине. Мен бұл бағытта тынбай жаттығып, бар назарымды соған тігемін», – деп жауап берді Шайдоров.