10.09.2026, 22:30

Соболенко жаттығуын тоқтатып, Рыбакинаның матчын тамашалады: күтпеген сәт видеоға түсіп қалды (ВИДЕО)

Фото: Tengrisport

US Open додасында қызықты сәттің видеосы әлеуметтік желіде тез тарады. 

Беларусьтік теннисші Арина Соболенко US Open турниріндегі жаттығуы кезінде қазақстандық Елена Рыбакинаның матчын тамашалап, көпшіліктің назарына ілікті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

US Open додасында қызықты сәттің видеосы әлеуметтік желіде тез тарады. Соболенко көрші кортта жаттығып жатып, Елена Рыбакина мен Чжэн Циньвэнь арасындағы ширек финалдық кездесуге назар аударған.

Камераға беларусьтік спортшының жаттығуын уақытша тоқтатып, қоршауға сүйеніп, экраннан матчтың шешуші сәттерін мұқият бақылағаны түсіп қалған. Оның жүзінен түрлі эмоция байқалды.

Финалдық доп ойналғаннан кейін Соболенко көп кідірместен жаттығуына қайта кірісті.

Айта кетейік, Елена Рыбакина үшін аса маңызды болған кездесу екі сағаттан астам уақытқа созылды. Қазақстандық теннисші алғашқы сетте қытайлық қарсыласына 3:6 есебімен есе жіберіп, есепте 0:1 болып ұтылып жатты.