Нәтижесінде отандасымыз 1 алтын, 3 күміс жүлдені жеңіп алды.
Көркем гимнастикадан Чехияда өтіп жатқан Grand Prix BRNO турнирінің шешуші күнінде жеке жаттығулар бойынша (үздік 9 спортшыдан) жүлделер сарапқа салынды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Ақмарал Ерекешева іріктеу кезеңінде жоғары деңгейде өнер көрсеткендіктен, 4 жаттығуда да финалға өткен еді.
Нәтижесінде отандасымыз 1 алтын, 3 күміс жүлдені жеңіп алды.
Шығыршық
Ақмарал Ерекешева (Қазақстан) - 29.150 ұпай
Полина Карика (Украина) - 29.100 ұпай
Лола Джураева (Өзбекстан) - 27.950 ұпай
Доп
Таисия Онофрийчук (Украина) - 28.450 ұпай
Ақмарал Ерекешева (Қазақстан) - 28.000 ұпай
Полина Карика (Украина) - 27.350 ұпай
Ұршық
Таисия Онофрийчук (Украина) - 29.450 ұпай
Ақмарал Ерекешева (Қазақстан) - 29.050 ұпай
Лола Джураева (Өзбекстан) - 27.600 ұпай
Таспа
Лилиана Левинска (Польша) - 27.700 ұпай
Ақмарал Ерекешева (Қазақстан) - 27.600 ұпай
Лола Джураева (Өзбекстан) - 27.300 ұпай.
Осылайша, Ақмарал Ерекешева Брно қаласында өткен Гран-при турнирінің жекелеген бағдарлама түрлерінің финалында бір алтын және үш күміс жүлде жеңіп алды.