$ 450.91  522.69  5.33

«Қайрат» өз алаңында «Тобылға» есе жіберді

Чемпиондыққа таласып жатқан «Қайрат» өз алаңында «Тобылдан» 1:4 есебімен жеңіліп қалды.

Фото: Егемен Қазақстан
Фото: Егемен Қазақстан

Қазақстан Премьер-лигасының 26-туры аясындағы орталық ойын Алматыда өтіп, күтпеген нәтижемен аяқталды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Чемпиондыққа таласып жатқан «Қайрат» өз алаңында «Тобылдан» 1:4 есебімен жеңіліп қалды.

Кездесуде алғашқы болып қостанайлық команда есеп ашты. 18-минутта Милованович пенальтиді сәтті орындап, «Тобылды» алға шығарды — 0:1.

Арада 22 минут өткенде алматылықтар таразы басын теңестірді. 40-минутта Марк Гуаль қарсылас қақпасын дәл көздеп, есепті 1:1-ге жеткізді.

Алайда бірінші таймның соңында «Тобыл» қайтадан алға шықты. 44-минутта Милованович Лисаковичтің нәтижелі пасын голға айналдырып, дубль жасады — 1:2.

Үзілістен кейін қостанайлық клуб басымдығын күшейте түсті. 63-минутта Лисакович Асхат Тағыбергеннің пасынан кейін есеп айырмасын екі голға жеткізді — 1:3.

Матчтың 81-минутында Л. Герра «Тобылдың» төртінші голын соғып, кездесудің түйінін қойды. Осылайша қонақтар Алматыдан 4:1 есебімен сенімді жеңіспен қайтты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Тегтер:

#«Қайрат» ФК