$ 450.91  522.69  5.33

Қазақстанда ММА кафедрасы ашылуы мүмкін

Еліміздегі спорт академиялардың бірінде ММА кафедрасын ашу мүмкіндігі қарастырылып жатыр.

Фото: Pexels
Фото: Pexels

Еліміздегі спорт академиялардың бірінде ММА кафедрасын ашу мүмкіндігі қарастырылып жатыр. Бұл туралы «Бір Шаңырақ» форумында NAIZA аралас жекпе-жек лигасының президенті Нұрбек Қарабала мәлімдеді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

ММА-ны академиялық деңгейде дамыту – отандық спорт үшін маңызды қадам екенін атап өткен лига президенті мұндай бастамаға спорт түрінің Азия ойындарының бағдарламасына енгізілуі себеп болып отырғандығын айтты.

«Біздің міндетіміз – осы спорт түрін жан-жақты дамыту, оның мәртебесін көтеру. Сондай-ақ ММА спортшысы мен жаттықтырушысы мамандығының беделін арттырып, сұранысқа ие ету. ММА кафедрасын ашу спортшылармен қатар жаттықтырушылар мен осы саладағы басқа да мамандарды кәсіби даярлау жүйесін қалыптастыруға мүмкіндік береді», деді Нұрбек Қарабала.

Айта кетейік, «Бір Шаңырақ» форумында олимпиадалық емес спорт түрлерінің федерациялары мен лигалардың өкілдері бас қосты. Жиында ММА, грэпплинг, кикбоксинг, жауынгерлік самбо, джиу-джитсу, ушу-саньда, муай-тай, панкратион, қазақ күресі және басқа да спорт түрлерін дамыту мәселелері талқыланды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0