$ 447.8  516.76  5.3

Бибісара Асаубаева Үндістандағы халықаралық турнирде қола жүлде жеңіп алды

Жарыстың жалпы жүлде қоры 1 миллион долларды құрады. 

Фото: 1бол
Фото: 1бол

Қазақстандық гроссмейстер Бибісара Асаубаева Үндістанның Бангалор қаласында өткен Tech Mahindra Global Chess League–2026 командалық турнирінде қола жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Үш дүркін әлем чемпионы жарыста FYERS American Gambits клубының сапында өнер көрсетті. Команда финалға шыға алмағанымен, турнирді үшінші орынмен аяқтады.

«Финалға шығуға сәл ғана сәттілік жетіспеді. Дегенмен қола жүлде алғанымызға қуаныштымын. Бізді күн сайын қолдаған жанкүйерлерге және жылы қабылдаған Бангалор қаласына рақмет», – деп жазды шахматшы әлеуметтік желідегі парақшасында.

Бибісара Асаубаева ендігі басты мақсаты Дүниежүзілік шахмат олимпиадасы екенін атап өтті. Алдағы додада ол Қазақстан құрамасының намысын қорғайды.

Global Chess League аясында қазақстандық шахматшы екі жеңіске жетіп, бес кездесуді тең аяқтаған. Сонымен қатар үш рет қарсыласына жол берген. Турнир барысында Асаубаева ресейлік Полина Шувалованы жеңіп, матчтың үздік ойыншысы атанды.

Жарыстың жалпы жүлде қоры 1 миллион долларды құрады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0