07.10.2026, 18:20

Мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкина Денис Тен мемориалында өнер көрсетеді

Фото: ҰОК

Қазақстан атынан жарысқа тоғыз спортшы қатысады. 

Ертең, 8 қазанда Алматыда мәнерлеп сырғанаудан Денис Тен мемориалы халықаралық турнирі басталады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Қазақстан атынан жарысқа тоғыз спортшы қатысады.

Ерлер арасындағы жекелей сында Диас Жиренбаев өнер көрсетеді.

Әйелдер арасындағы жекелей сында Софья Самоделкина, Амина Алексеева, Амира Ирматова, Алика Халимова, Зере Сарбалина және Нұрия Сүлеймен бақ сынайды.

Мұздағы биде Қазақстан намысын Гаухар Наурызова мен Бойсангур Датиев қорғайды.

Турнир 11 қазанда аяқталады.

Тегтер: Денис Тен