08.10.2026, 15:20

Қазақстандық дзюдошы әрі бапкер жаңа қызметке тағайындалды

Фото: instagram.com/azamat_mukanov

Бұл туралы Жетісу облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы хабарлады.

Қазақстандық дзюдошы әрі жаттықтырушы Азамат Мұқанов Жетісу облысындағы Кербұлақ аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры болып тағайындалды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы Жетісу облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы хабарлады.

Азамат Мұқанов спорттық мансабында дзюдо мен самбодан жоғары нәтижелерге қол жеткізген. Дзюдодан 2013 жылы Рио-де-Жанейрода өткен әлем чемпионатында 66 келіге дейінгі салмақта күміс медаль жеңіп алды. Сол жылы Азия чемпионатының қола жүлдегері атанса, 2014 жылы Инчхонда өткен Азия ойындарында қола жүлдеге ие болды.

Қазақстандық дзюдошы Grand Slam жарыстарында екі рет күміс жүлде алған. Сонымен қатар Қазақстан чемпионатында жеңімпаз атанып, Еуропа кубогында топ жарған.

Ал самбодан Мұқанов 2010 жылы әлем чемпио ны атанды. Бұған дейін жастар арасындағы әлем чемпионатында да жеңіске жеткен.

Спортшының жаттықтырушылық және басқарушылық тәжірибесі де мол. Ол Қазақстанның штаттық ұлттық құрамаларында нұсқаушы-спортшы, Олимпиадалық даярлау орталығында жастар құрамасының аға жаттықтырушысы, Жоғары спорт шеберлігі мектебінде жаттықтырушы және спорт мектебі директорының орынбасары қызметтерін атқарған.