08.10.2026, 16:00

Азия мен әлемді бағындырған Қазақстан семсерлесушілерін жаңа бәсеке күтіп тұр

Фото: ҰОК

Қазақстан құрамасы семсерлесуден 15-18 қазан аралығында Марокконың Касабланка қаласында өтетін әлем кубогының кезеңінде бақ сынайды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Халықаралық жарыста қазақстандық спортшылар шпагадан ерлер мен әйелдер арасында жекелей және командалық сайыстарға қатысады.

Ерлер арасындағы жекелей сайыста Қазақстан намысын Нұржан Әбжанов, Эльмир Әлімжанов, Александр Федотов, Алексей Касаткин, Аңсар Қасен, Руслан Құрбанов, Богдан Лукин, Кирилл Павлов, Кирилл Проходов, Ерлік Сертай, Вадим Шарлаимов және Георгий Тинников қорғайды.

Әйелдер арасындағы жекелей сайысқа Владислава Андреева, Ирина Бакалдина, Софья Николайчук және Дарья Самоделкина қатысады.

Ерлер арасындағы командалық бәсекеде Руслан Құрбанов, Кирилл Проходов, Ерлік Сертай және Вадим Шарлаимов өнер көрсетеді. Әйелдер құрамасының сапында Владислава Андреева, Ирина Бакалдина, Софья Николайчук және Дарья Самоделкина бар.