25.10.2026, 22:30

Елена Рыбакина Қытайда өткен турнирдің екі дүркін чемпионы атанды

Фото: ҰОК

1 сағат 17 минутқа созылған матчта Рыбакина айқын басымдықпен 6:2, 6:2 есебімен жеңіске жетті.

Қытайдың Нинбо қаласында өткен WTA 500 санатындағы турнирдің әлемнің және Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

 

Финалдық сында ол әлемдік рейтингте 30-орында тұрған канадалық Лейла Фернандеспен сынға түсті. 1 сағат 17 минутқа созылған матчта Рыбакина айқын басымдықпен 6:2, 6:2 есебімен жеңіске жетті. Ойын барысында қазақстандық спортшы 3 эйс бағыттап, қарсыласына брейк жасауға мүмкіндік бермей, өз кезегінде 5 брейк-пойнттың төртеуін сәтті жүзеге асырды. Осылайша, Елена аталған турнирде екінші жыл қатарынан үздік атанды.

Тартысты өткен финалда отандасымыз канадалық Лейла Фернандеске (WTA №30) еш мүмкіндік қалдырмады. Бар-жоғы 1 сағат 17 минуттың ішінде екі сетті де бірдей 6:2, 6:2 есебімен өз пайдасына жазды.