Әлемдік рейтингте 67-орында тұрған қазақстандық теннисші жарыстың негізгі кезеңіне іріктеу арқылы жолдама алған.
Қазақстанның екінші ракеткасы Юлия Путинцева Токиода (Жапония) өтіп жатқан WTA 500 санатындағы турнирдің екінші айналымына шықты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Әлемдік рейтингте 67-орында тұрған қазақстандық теннисші жарыстың негізгі кезеңіне іріктеу арқылы жолдама алған. Алғашқы айналымда ол әлемнің 30-ракеткасы, Грекия өкілі Мария Саккаримен кездесті.
2 сағат 28 минутқа созылған тартысты матчта Путинцева 6:4, 3:6, 6:1 есебімен жеңіске жетті. Қазақстандық спортшы екі эйс жасап, қос қателікке жол бермеді. Сондай-ақ 16 брейк-пойнттың жетеуін сәтті пайдаланды.
Енді Юлия Путинцева турнирдің екінші айналымында отандасы, әлемдік рейтинг көшбасшысы Елена Рыбакинамен кездеседі. Жарыстың бірінші ракеткасы ретінде Рыбакина алғашқы айналымнан босатылған болатын.