Отандастарымыз екі сетте де басым түсті.
Қазақстанның жағажай волейболынан жасөспірімдер құрамасы Сенегалдың Дакар қаласында өтіп жатқан 2026 жылғы жасөспірімдер Олимпиадасында Гана командасын жеңді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Қазақстандық Әлихан Ағабек пен Оразалы Сағыныш топтық кезеңдегі кезекті кездесуінде ганалық Джастис Амоафо мен Даниэль Лартиге қарсы ойнады.
Отандастарымыз екі сетте де басым түсті. Алғашқы кезең 21:19 есебімен аяқталса, екінші сетте қазақстандық жұп 21:13 есебімен жеңіске жетті.
Осылайша, Әлихан Ағабек пен Оразалы Сағыныш жасөспірімдер Олимпиадасындағы екінші жеңісін тіркеді.
Бұған дейін қазақстандық спортшылар топтық кезеңде Сауд Арабиясының құрамасын жеңген болатын.