$ 453.87 € 508.33 ₽ 5.65

Софья Самоделкина Канададағы Гран-при кезеңінде үздік бестікке енді

Төрешілерден 71,84 ұпай алып, аралық есепте бесінші орынға жайғасты.

Фото: ҰОК
Фото: ҰОК

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкина Канаданың Келоуна қаласында өтіп жатқан Гран-при сериясының екінші кезеңінде қысқа бағдарлама бойынша бесінші орынға тұрақтады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Қазақстандық спортшы қысқа бағдарламадағы өнері үшін төрешілерден 71,84 ұпай алып, аралық есепте бесінші орынға жайғасты.

Жарыста жапониялық Мао Симада көш бастап тұр. Ол 82,11 ұпай жинады. Екінші орында 78,50 ұпаймен америкалық Изабо Левито, ал үшінші орында 77,24 ұпай жинаған эстониялық Нина Петрыкина келеді.

Қатысушылар еркін бағдарламаларын Астана уақытымен 2 қарашаға қараған түні ұсынады.



 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0