07.11.2026, 21:30

«Ордабасы» Қазақстан кубогінің үш дүркін жеңімпазы атанды

Фото: «Ордабасы» ФК

«Ордабасы» қарсыласынан 4:1 есебімен басым түсті. 

Бүгін, 7 қарашада футболдан Қазақстан кубогы финалында «Қайсар» (Қызылорда) — «Ордабасы» (Шымкент) командалары кездесті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Кездесу барысында шымкенттік футболшылар жылдам гол соғуға тырысты. Ойын басынан тізгінді өз қолында ұстауға тырысқан олар дегеніне көп ұзамай жетті. Алғашқы голды 7-минутта «Ордабасы» сапынан Сұлтанбек Астанов 7-минутта өзінің еншісіне жазды.

Ойынның 41-минутында олардың қатарынан Берн Йонсен басымдықты арттырды.

Екінші кезеңде шымкенттік команда тағы екі мәрте көзге түсті. Алдымен Давид Абагна 60-минутта гол соқса, Эльхан Астанов 71-минутта көздеген нысанадан мүлт кеткен жоқ. 

Ойынның 84-минутында «Қайсар» сапынан Агостиньо Магальяеш мергендік танытты.

Осылайша «Ордабасы» қарсыласынан 4:1 есебімен басым түсіп, өзінің тарихында үшінші мәрте Қазақстан кубогының иегері атанды. Шымкенттік клуб бұдан бұрын 2011, 2022 жылдары кубокты төбесіне көтерген еді.

Сондай-ақ «Ордабасы» биыл Қазақстан чемпионы атағын жеңіп алды. Нәтижесінде олар биыл екі турнирде бас жүлдеге қол созды.

Финалға дейін «Ордабасы» алдымен шымкенттік «Оңтүстік академия» (4:2), ақтаулық «Каспий» (3:0), талдықорғандық «Жетісу» (1:0), өскемендік «Алтай» (3:1, 2:1) клубтарын жеңді.