07.11.2026, 23:30

Қазақстан хоккейшілері Қытайды 5:0 есебімен ойсырата жеңді

Фото: Қазақстан хоккей федерациясы

Азия чемпионатында келесі кезеңде Оңтүстік Кореямен кездеседі.

Қазақстанның ерлер құрамасы хоккейден 2027 жылғы Азия чемпионатындағы екінші кездесуінде Қытай командасын ірі есеппен жеңді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Талғат Жайлауов шәкірттері Оңтүстік Кореяның Чонджу қаласында өткен матчта қарсыласына мүмкіндік бермеді.

Кездесудің алғашқы кезеңінде есеп ашылған жоқ. Ал екінші кезеңде қазақстандық хоккейшілер шабуылды үдетіп, Максим Мұхаметов есеп ашты. Көп ұзамай Саян Данияр құрамамыздың басымдығын еселей түсті.

Қорытынды кезеңде Қазақстан құрамасы тағы үш шайба соқты. Артур Гатиятов, Оскар Юлбарисов және Кирилл Никитин қарсылас қақпасын дәл көздеп, матчтың нүктесін қойды.

Осылайша, Қазақстан құрамасы Қытайды 5:0 есебімен жеңіп, қақпасына бірде-бір шайба жіберген жоқ.

Талғат Жайлауов бастаған команда келесі кездесуін ертең, 8 қарашада Оңтүстік Корея құрамасына қарсы өткізеді. Матч Астана уақытымен 13:30-да басталады.