07.11.2026, 23:20

Генадий Головкин Халықаралық Олимпиадалық комитетінің президентімен кездесті

Фото: gggboxing/instagram

Кездесу Дакарда өтіп жатқан жасөспірімдер Олимпиадасы аясында ұйымдастырылды.

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин Халықаралық Олимпиадалық комитетінің (ХОК) президенті Кирсти Ковентримен кездесті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Кездесу Дакарда өтіп жатқан жасөспірімдер Олимпиадасы аясында ұйымдастырылды.

Бұл туралы Геннадий Головкин әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Оның айтуынша, кездесу барысында боксты дамыту, Лос-Анджелесте өтетін Олимпиада ойындарына дайындық және жас боксшыларды қолдау мәселелері талқыланған.

«Дакарда өтіп жатқан жасөспірімдер Олимпиадасы аясында Халықаралық Олимпиадалық комитетінің президенті Кирсти Ковентримен кездескеніме қуаныштымын», – деп жазды ол.

Сондай-ақ Головкин жасөспірімдер Олимпиадасына қатысып жатқан барлық спортшыға сәттілік тілеп, жарқын өнер көрсетіп, ұмытылмас әсер алуларына ниет білдірді.