23.11.2026, 20:30

Умар Нурмагомедов қамаудан босатылғаннан кейін алғаш рет үн қатты (ВИДЕО)

Фото: instagram.com/umar_nurmagomedov

Спортшы ағасы Усманмен және команда мүшелерімен бірге Абу-Даби полициясы тарапынан ұсталғаннан кейін алғаш рет үн қатты. 

UFC-дің танымал файтері, титулға бұрынғы үміткер Умар Нурмагомедов Абу-Дабиде (БАӘ) қамаудан босатылғаннан кейін алғаш рет әлеуметтік желіде жазба жариялады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Спортшы ағасы Усманмен және команда мүшелерімен бірге Абу-Даби полициясы тарапынан ұсталғаннан кейін алғаш рет үн қатты. Оқиға UFC-дің аса жеңіл салмақтағы бұрынғы чемпионы Мераб Двалишвилиге жасалған даулы шабуылдан кейін болған.

Умар Нурмагомедов әлеуметтік желідегі парақшасында:

«Әр адамның өмір жолында қиындықтар кездеседі. Бізді сол қиындықтарды қалай еңсеретініміз айқындайды», – деп жазды.