$ 455.12 € 498.99 ₽ 5.55

Бокстан Қазақстан құрамасының белгілі бапкері қызметінен кетті

"Көмегім қажет болса, әрдайым қол ұшын созуға дайынмын".

instagram.com/muhitakhmetov
instagram.com/muhitakhmetov

Қазақстан құрамаларының физикалық дайындығына жауап берген маман Мұхит Ахметов ұлттық командалардағы қызметін аяқтағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Ахметов Instagram парақшасындағы жазбасында Қазақстан бокс федерациясына алғыс айтып, қажет болған жағдайда әрдайым көмек көрсетуге дайын екенін жеткізді.

«Осымен менің бокстағы жолым аяқталды. Қазақстан бокс федерациясына өркендеу мен әлемдік аренада көптеген жеңіс тілеймін. Көмегім қажет болса, әрдайым қол ұшын созуға дайынмын.

Бапкерлер мен боксшыларға Лос-Анджелес Олимпиадасында барлық алтын медальді жеңіп алуды тілеймін. Сіздермен бірге жұмыс істеу мен үшін үлкен мәртебе болды. Маған сенген баршаңызға рақмет»

деп жазды ол

Айта кетейік, Мұхит Ахметов ұлттық құрамалардың бапкерлер штабына 2024 жылы қосылған. Ол ерлер, әйелдер және жастар құрамаларының физикалық әрі функционалдық дайындығына жауап беріп, боксшыларды Париж Олимпиадасы мен 2025 жылғы әлем чемпионатына әзірлеуге атсалысты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Тегтер:

#бапкер #бокс