$ 455.12 € 498.99 ₽ 5.55

«Қызымның турнирлерін көрмеймін»: Бибісара Асаубаеваның анасы мәлімдеме жасады (ВИДЕО)

"Спортшының анасы болғандар мені түсінер".

Коллаж: Sn.kz
Коллаж: Sn.kz

Бибісара Асаубаеваның анасы желідегі парақшасында қызына қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Ол қызының шахматтан турнирлеріне қатысып, көрмейтінін айтты. 

"Будапешттегі әр таңым бірдей басталатын. Сараны турнир өтетін залға дейін шығарып салып, құшақтап, бірнеше ауыз сөз айтып, содан кейін кететінмін.

Оның ойындарын тамашалай алмаймын. Бірнеше рет тырысып көрдім, бірақ әр жүрісі жүрегімнен өткендей әсер етеді.

Сондықтан қаланы аралап кететінмін. Дунай, көпірлер, ескі көшелер... Ал телефон үнемі қолымда. Трансляцияны ашамын, қайта жабамын. Арада бес минут өтсе, тағы қараймын.

Спортшының анасы болғандар мені түсінер. Жылдар бойы балаңның жанында жүресің: жаттығулар, сапарлар, жеңілістен кейінгі көз жасы... Ал ең маңызды сәтте оған еш көмектесе алмайсың. Тек сенім арту ғана қалады.

Кешке Сара залдан шыққанда, оның жанарынан бәрін аңғарамын. Сол сәтте ғана қайтадан еркін тыныс ала бастаймын.

Будапешт өте әдемі қала. Бірақ мен үшін оның ең әдемі жері – қызым", - деп жазды ол. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0