Қазақстандық танымал ММА файтері, Oktagon чемпионы Жалғас Жұмағұлов бразилиялық джиу-джитсу және грэпплингтен өтетін ACBJJ халықаралық лигасымен келісімшартқа қол қойды. Ол жаңа промоушендегі алғашқы белдесуінің күнін де жариялады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
«ACBJJ лигасымен төрт белдесуге келісімшартқа қол қойдым. 20 желтоқсанда Дубайда алғашқы белдесуімді өткіземін. Қарсыласым да өте қызық. Күтіңіздер»
деді Жұмағұлов Instagram парақшасында
Еске салайық, бұған дейін Жалғас Жұмағұлов еуропалық Oktagon MMA промоушенімен қоштасып, жеңіл салмақтағы чемпиондық белбеуін босатқан еді. Қазақстандық файтер бұған дейін UFC-де өнер көрсетіп, 2020–2023 жылдар аралығында алты жекпе-жек өткізді.