$ 458.13 € 502.29 ₽ 5.58

Александр Бублик Ресейдің үздік теннисшілерінің бірін жеңді

Кездесу 4:4, 4:4 және 6:3 нәтижелерімен аяқталды.

Фото: sports.kz
Фото: sports.kz

Қазақстандық теннисші Александр Бублик Санкт-Петербургте (Ресей) өтіп жатқан «Солтүстік пальмира кубогы» командалық турнирінде ресейлік Карен Хачановпен кездесіп, жеңіске жетті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

ATP рейтингінде 25-орында тұрған Бублик 24-сатыдағы Хачановты жалпы есеппен 14:11 есебімен жеңді. Кездесу 4:4, 4:4 және 6:3 нәтижелерімен аяқталды.

Санкт-Петербургтегі турнирде Александр Бублик «Львалар» командасының намысын қорғап жүр. Ал Карен Хачанов «Сфинкстер» сапында өнер көрсетеді. Хачанов Ресейдің үшінші ракеткасы саналады. Ол рейтингте Даниил Медведев (5-орын) пен Андрей Рублевтен (23-орын) кейін тұр.

«Львалар» командасының құрамында Анастасия Потапова, Камилла Рахимова, Корентен Муте және Дэн Эванс та бар. Ал «Сфинкстер» сапында Диана Шнайдер, Анна Пушкарева, Юлия Путинцева және Адриан Маннарино өнер көрсетеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0